Новости Новости нашего сайта

12 Ұлттық Оқу конференциясы өтті

0 Комментарии
573
26-08-2013

Қасиетті Рамазан айында киелі Түркістан жерінде Қазақстан Оқу Ассоциациясының 12 Ұлттық Оқу конференциясы өтті. Мен бұл конференциядан үлкен толғаныспен қайттым. Кең байтақ қазақ елінің әр тарапынан келген ұстаздардың әр жылы тамыз айында болатын кездесуді сағына күтетіні анық. Жыл сайынғы болатын осы конференциялар тек жоспар үшін өткізіле салатын іс шараның болмағанына қуанамын. Бұл ҚазОА мұғалімдерінің педагогикалық және әдістемелік философияны барлық деңейдегі білім беру жүйесіне енгізіп бақылай жүргізіп жатқан зерттеу жұмысы. Ұстаздар осы зерттеулері арқылы кәсіби даму мектебі ретінде өздерінің кәсіби біліктілігін қалай арттыруға болатынын біледі. Зерттеуші ұстаздар сынып әлемін қалай өзгертуге болады, балаларға білім алуға қолайлы орта құра отырып , олардың ойлары мен идеяларының ең қымбат білім көзі екенін айқындайды. Ұзақ жыл бірлесе әрекеттенудің нәтижесінде еш ұйымға ұқсамайтын, сауатты, жоғары дәрежедегі өз дәстүріміздің қалыптасқанын айту қажет. Мұалімдердің кәсіби шеберлігін арттыратын,бірінің үнін бірі тыңдайтын, шығармашылығын көріп отыратын «Дауыс пен Көрініс» журналының 46 саны жарық көрді. Кәсіби даму мектебінің 16 кітабы, балаларға арналған 4 кітап шығарылды. Еліміздің Алматы, Астана, Бурабай, Түркістан, Тараз, Қарағанды тәрізді тарихи жерлерінде конференцияның өтуі бізге еліміздің мәдени, тарихи құндылықтарын танып білуге көмектесті. 

Конференцияның бас спикерлері Б.А.Әлмұхамбетов, Ш.Артықбаев,З.Жандарбек, Ж.А.Қараев, В.В Ким, С.Ю.Колчигин,
Н.Н.Нұрахметов,О.Сәбден,З.Самашев,М.Н.Сарыбеков,С.С.Мирсейтова сияқты еліміздің белгілі ғалымдары болды. Ғалымдардың баяндамалары бізге үлкен серпіліс беріп , өз білімімізді кеңейте түсуге жәрдем етті.
Жылдағыдай 12 ҰОК дөңгелек үстел, симпозиум, семинарлар жүйесінде өтті.
Біз үздіксіз қайырымдылық акциясын өткізіп келеміз. Соңғы екі жылғы қайырымдылық шаралары ел басына күн туған шығыс пен батыс өңірлердегі балаларға көрсетілді.
Ел болашағының кемел болуына әсер ететін осы істің басында алғашқы күннен бастап Сапаргүл Сламбаеав келеді. Осындай күрделі рахметінен гөрі қиындығы көп іске көшбасшы болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Қазақстандық шығармашыл ұстаздар тобын ұйымдастыра білген Сапаргүл алыс –жақын шетелдің озық ойларының ұтымды жерлерін білім саласын дамыту мақсатында тығыз байланыс орнатып қолдана білді. Сапаргүлдің өзгеше ойлайтын, келісімпаздыққа бара бермейтін , бала үшін пайдалы іске жанын салатын ерекше қасиеттері кейбір адамдарға ұнамайтыны шындық. Бұл әрекеттер өзі үшін емес, өзге адамдар үшін пайдалы екенін бәріміз жақсы түсінеміз. Алғы сөзімізде тізіп өткен дәстүрдің қалыптасуы да Сапаргүлдің ерен еңбегінің нәтижесі.
Біздің ұзақ жылғы зерттеу ізденіс нәтижесінде шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздардың отандық жобалары өмірге келді. Атап айтсақ, «Этнографиялық зерттеу», «Күтпеген реакция», «Отбасылық сауаттылық» жобалары және Мағжан Жұмабаев, Жүсіп Аймауытов идеяларын тәжірибеде қолдануды зерттейміз. Әл-Фараби, Абай, А. Байтұрсынов идеалары біз үшін үлкен зерттеу алаңы болатыны да сөзсіз.
Осы жобаның жетістігін білім саласын дамытудағы, балаларға жәрдем берудегі ақиқат ісін мойындағысы келмейтін адамдар көп. Оны біз уайымдап та жатқан жоқпыз. Тек бар нәрсені байқамау дұрыс емес деп ойлаймын. Солай бола тұра, қазір білім саласындағы барлық жерлерде «атын атамай, түсін түстемей» жоба идеяалары мен ҚазОА-ның ұйымының зерттеулерін өз ғылыми еңбегіндей қолдану жиілеп кетті. 
Ең қарапайымы, жамандап отырып, әдістерді жазып қояды. Бұл тек бергі жағы, бұдан арғысын айтпаса да белгілі. Бүгін білім беру саласы жақсарып жатқан кезеңде өзгермей қатып қалған дәстүрлі түрде өтіп жатқан іс-шараны көріп өкінесің.
Біздің ұйыммен ынтымақтаса отырып, шығармашылық зерттеуді 
дамытамын дейтін әріптестерімізге есігіміз ашық.
Ұстаздар өзгермей, қоғам өзгермейді.

0.0
Последние изменения: -/-
Related Articles: Халықаралық және Ұлттық тәжірибелер 8 қалалық оқу конференция Райхан Мәженқызымен кездесу өтті Евразиялық комитет отырысы өтті
12 Ұлттық Оқу конференциясы өтті

Комментариев пока нет ...

Написать комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован.