Новости Новости нашего сайта

8 қалалық оқу конференция

0 Комментарии
797
18-05-2014

Бүгін №48 мектеп-лицейде «Сауаттылықтың жаңа қырлары: заманауи мұғалім талаптары» тақырыбында 8 қалалық оқу конференциясы өтті. Конференцияда Қазақстан Оқу Ассоциациясының мүшелері, яғни Назарбаев зияткерлік мектебі, №67, №26, №14, №58, №48 жалпы білім беру мектебінің мұғалімдері және Қазақ ұлттық өнер университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде жұмыс істейтін «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасының тренерлері өз тәжірибелерімен бөлісті. Конференцияның мақсаты мұғалімдердің жаңа ізденістеріне ой толғаныс жасау арқылы, бірлесе зерттеу және кәсіби алмасу ортасын құру болды. Конференцияға ҚазОА атқарушы директоры, білім магистрі, филология ғылымдарының кандидаты Сапаргул Мирсейтова және ҚазОА басөарма төраймы, Қарағанды қалалық «Сыни ойлауды дамыту» қоғамдық бірлестігінің директоры Зейнегүл Көпбаева қатысты. Мұғалімдер «Мектеп және социум: отбасы, мұғалім және үйренушілер диалогы», «Ерте сауаттылық», «Сыни ойлауды дамытудағы оқу мен жазу», «Жоспарлау мен бағалауды дамытудағы рефлексия рөлі», «Әрекетті зерттеудегі ізденістер» секцияларында баяндама оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Бас спикер Сапаргул Мирсейтова «ПИЗА-2009, 2012, біз не өзгерте аламыз?» тақырыбына баяндама жасады.

Рефлексия кезінде RWCT тренерлері Алтын Момынқұлова, Әлия Байжанова, Нуржан Құлұмжанов, Гулмира Сергазина, Гүлжанат Әбдіраманова және баяндама оқыған мұғалімдер өз идеялары мен үйренгендерін ортаға салды, ұсыныстарын айтты. Соңынан RWCT тренерлері алдағы атқарылар іс-шаралар мен жоспарларды талқылады. 2-4 шілдеде Астана қаласында өтетін 14 Ұлттық Оқу Конференциясына дайындық барысы айтылды.

0.0
Последние изменения: 14, 2014 12:00
Related Articles: 12 Ұлттық Оқу конференциясы өтті
8 қалалық оқу конференция

Комментариев пока нет ...

Написать комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован.