Новости Новости нашего сайта

1 Tag Results for 12 Ұлттық Оқу конференциясы өтті

Қасиетті Рамазан айында киелі Түркістан жерінде Қазақстан Оқу Ассоциациясының 12 Ұлттық Оқу конференциясы өтті. Мен бұл конференциядан үлкен толғаныспен қайттым. Кең байтақ қазақ елінің әр тарапынан келген ұстаздардың әр жылы тамыз айында болатын кездесуді сағына күтетіні анық. Жыл сайынғы болатын осы конференциялар тек жоспар үшін өткізіле салатын іс шараның болмағанына қуанамын. Бұл ҚазОА мұғалімдерінің педагогикалық және әдістемелік философияны барлық деңейдегі білім беру жүйесіне енгізіп бақылай жүргізіп жатқан зерттеу жұмысы. Ұстаздар осы зерттеулері арқылы кәсіби даму мектебі ретінде өздерінің кәсіби біліктілігін қалай арттыруға болатынын біледі. Продолжить чтение