Новости Новости нашего сайта

Тіл саясаты және мұғалімдердің кәсіби өсу мүмкіндіктері

0 Комментарии
698
23-01-2010

2010 жылы 23-24 қаңтарында «Тіл саясаты және мұғалімдердің кәсіби өсу мүмкіндіктері» атты IDEAC семинары өтті. Бірінші күні “Грузия, Армения, Тәжікстаннан келген RWCT” жобасының тренерлері өз еліндегі тіл саясаты мен мұғалімдердің кәсіби өсуіне жобаның тигізер әсері жайлы ой бөлісті. Сонымен бірге Еуразия Ұлттық Университетінің докторы Дихан Қамзабекұлы Қазақстандағы тіл саясатына жан-жақты тоқталып өтті.Екінші күні Халықаралық Оқу Ассоциациясының комитеті отырысы өтті. Коммитет отырысына № 48 мектеп-лицейінен директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, Республикалық дәрежедегі тренері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Төкебаева Назым, Халықаралық дәрежедегі тренері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Момынқұлова Алтын қатысты. ХОА президенті Виктория Реско алдағы уақыттағы коммитет жұмысы , 2011 жылы қаңтар айында Стамбул қаласында өтетін IDEAC семинары жайлы, әр елден баратын үміткерлер жайлы айтылды. № 48 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Момынқұлова Алтын «Отбасылық оқу клубы” аясында ата-аналармен жүргізіп жатқан тәжірибесі жайлы ой бөлісті. 9 «а» сынып оқушысы Дана Сейітқұл анасымен Ш. Мұртазаның “Ай мен Айша”романын , ал 10 «а» сынып оқушысы Мұхар Қазбек атасымен бірге Ә. Нұршайықовтың “Ақиқат пен аңыз”роман диалогын қалай бірге оқығаны жайлы ой бөлісті. Көркем шығарманы оқығаннан кейінгі әсерлерін айтты.

5.0
Последние изменения: -/-
Related Articles: Халықаралық және Ұлттық тәжірибелер
Тіл саясаты және мұғалімдердің кәсіби өсу мүмкіндіктері

Комментариев пока нет ...

Написать комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован.